Ой - әуре

Бұл бетте «Ой - әуре» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1545
«Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда»
(Абай)

Мен де ойлы едім,
Маған да қызық болмай,
Үмітінде өмірдің үзік бардай.
Сәтті бола бермеді біз күткендей,
Тәтті бола бермеді біз ұққандай.

Анау емес,
Мағжан аға мына,
Деген: «Өмір – абақты саналыға».
Саналы боп сандалдық.
Сан қызықты
санап беріп санасы шамалыға.

Абай, Мағжан халқым, – деп қан жылаған,
Мал құрамай, ақыл мен ар құраған.
Арлыға да қызық жоқ.
Бар болса егер,
Ақын болмай, болар ед малды надан.

Не жетпеді соларға,
Дүр, – дегізіп
алып жүрген жаңылмай жүлдені үзіп.
Ал, бүгіннің не малы, не ары жоқ
аусарына күнде той,
күнде қызық.

Тұлпар-ойдың түзеген тағасын сан,
Тектілердің ісінен табасың сән.
«Ойлы адамға қызық жоқ...»
Әкең болыс,
Әкең, тіпті, болса да аға сұлтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ой - әуре өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Ой - әуре өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ой - әуре өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ой - әуре өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері