Құс көрмеймін қаланың аспанынан
Бұл бетте «Құс көрмеймін қаланың аспанынан» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құс көрмеймін қаланың аспанынан…
қайда кеткен қанатты туыстарым?..
жылу іздеп жапанның тастарынан,
паналай ма үй асты қуыстарын…
бүлкілдетер секемшіл бүйректі не…
бұлбұл тұтқын билікке, бұлғын – дәрі…
уысынан жем беріп үйретті ме,
сәулетті үйдің дәулетті тұрғындары…
қарлығашым, қанаттас кептерлерім,
қайда жүрсің еркіңмен ұшып-қонбай?..
саңғып кеткен қыран құс бөктерлерін,
жалап-жұқтап, жағып жүр пысық торғай…
құс көрмеймін қаланың аспанынан…
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі