Мұң – тауда, өрде – көңіл –
Жанна Елеусіз
Бұл бетте «Мұң – тауда, өрде – көңіл» атты Жанна Елеусіз жазған мұң туралы өлең берілген.
Мұң – тауда, өрде – көңіл…
Тағы ой түзге қарар.
Өтпестей көрген Өмір,
күні ертең бізден қалар…
Күні ертең сізге қалар –
қайыстай етікті арман.
Бір өшін іздеп алар,
біздерде кетіп қалған!..
Таңғы арай, кешкі тұман –
өзіммен жасты күнәм…
Тағдырдың достығынан…
Тірліктің қастығынан…
Салады аңдай ылаң,
Сүйкенсе – қотыр сындар!..
Сұп-суық маңдайымнан –
Өлеңімді оқырсыңдар…
Ай қарғып, Күн қақырап
Кетсе де көгің кірлеп!..
Алаңсыз бір Жапырақ –
Бүр жарар «ӨМІРМІН!» – деп…
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі