Қара суық желге бердім сыртымды
Бұл бетте «Қара суық желге бердім сыртымды» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара суық желге бердім сыртымды.
Жүрегімде – мәңгі жасыл бақ заңғар…
қызғанбашы менің жылы күлкімді,
еріп бара жатқан Қар…
жымиғаным сәнді етеді ернімді
көзімдегі жұмсарады ренішім…
шыршама іліп қоям сенің белгіңді,
еріген қар, соның бәрі Сен үшін…
кешіктік біз, сен де, мен де. Көген жыр.
Ол да байғұс табар сылтау күлерге.
Қаңтарда емес, Наурызда келер Жыл –
қадірімізді білер ме?..
Еріген қар тротуарлар шетінде,
қара суық жасап жатыр тірі мұз.
Ол қағаздың, мен өлеңнің бетінде,
жымиямыз бірімізге біріміз…
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі