Бір Күш бар! – Жанна Елеусіз

Бұл бетте «Бір Күш бар!» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1284
Бір Күш бар!
Көтереді...
Құласаң, құла! Түспей...
Мен – жазбасам кетер еді
бір Қыз – жылап іште...

Жақын да. Жат қабақ та.
Шат. Шерлі шақтар – ұлып!..
Түседі ақ параққа
Ғұмырым ақтарылып!..

Төсінен Тоғыз көктің
Ай болып жарылыппын!
Адамды – көп іздеппін!
Алланы – сағыныппын...

Шомылған Ар жасына.
Шоқылған қарғасына –
Орыстың Аннасы ма?
Қазақтың Жаннасы ма...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері