Ғашыққа толы ғалам – Жанна Елеусіз

Бұл бетте «Ғашыққа толы ғалам» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1508
Ғашыққа толы ғалам.
Әйел боп – жаралаймын!..
Қаламды қолыма алам.
Айнама қарамаймын...

Өмірдің көрмесінен
жұлып ап ғұмырымды
кетсем ғой!
Ахматова бөлмесіне...
Өзімдей түні мұңды.
Өзімдей мұңы – жынды...

Жан еді Ол жалынды! Асқақ!
Менің де мұңым батыл!
Суретін алып тастап.
Бейнемді іліп жатыр...

Билейтін.
Билеген де
Тағдыр ғой!
Кеш келемін.
Эх!..
Сені сүймегенде!
Білмеймін... Не істер едім?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері