Бұл бетте «Өлеңмін» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызғалдақтың — даласы бар.
Гүлзар бақтың — қаласы бар.
Өз ортасын таба алмаған —
менің Жаным аласұрар…
Адамдардың — ауылы бар.
Алаңдардың — қауымы бар.
Қайда менің өз Отаным?
Жүрегімді тауып, ұғар…
Дос біледі. Ол — ғапылдан.
Жау күледі — жақыннан.
Ақын:
— Қоғам! Ортам!.. дейді.
Мен шошыдым ақыннан…
Айдалаға қашқан шынар —
талдар шымшып, тастар сынар.
Аспан шығар — менің Елім?
Менің елім — Аспан шығар…
…көп қарайды маған Көпсіп.
көк қарайды маған Көксіп.
— Өлесің ғой… дегендерге,
— Өлеңмін!.. деп барам —
Өксіп…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі