Халықтар несие алады – Асылзат Арыстанбек

Бұл бетте «Халықтар несие алады» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1673
Халықтар несие алады -
Тоқал тамының қамы үшін,
Банктер несие береді -
Тоқалдарының қамы үшін.

Парламент заңға қол қояр-
Заңсыздықтары үшін өзінің.
Молда кеп құрбанға мал сояр -
Арсыздықтары үшін өзінің.

Бөріктер боқ жияр, бәс тігіп,
Қабақтай қарын қамы үшін.
Желіккен жезөкше мастығып,
Жырта ма қазақтың намысын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері