Азалы аспан

Бұл бетте «Азалы аспан» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қай баққа ұштың?
Қай көкке?
Аспаным бұлтты...
жерім сыз...
Жыласаң еді жассыз-ақ,
Ғашық болсамшы сезімсіз.
Мұңаяйықшы мұңсыз-ақ,
Сүйісейікші ерінсіз...
Ағарған Айдың шашынан,
Өреміз мұңды кейде біз.
Үзіліп жұлдыз түймесі,
Аспаным қара жейдесіз.
Қарайыншы көзсіз-ақ,
Құшақтайыншы кеудесіз...
Ұялып мені іздейсің,
Шығыстан қарап шапақ қыз.
Бір бұрышында жаныңның,
Сезімдер тоңған қабат мұз...
Билейік көкте әнсіз-ақ,
Ұшайық бірге қанатсыз...
Терезесінен аспанның,
Тамшылап тағы тамамыз.
Қоп-қоңыр шашын жел өпкен,
Ұқсайды саған дала, күз.
Ғашықпыз біздер тәнсіз-ақ,
Сағынып жүрміз санасыз...

Жапырағына жанымның,
Тиіспе мүлдем, үзбе де.
Тастардың сараң сезімі,
Керек-ау осы бізге де.
Сағыну үшін көктемді,
Оралу керек күзге де...
Сезім мен мұңның тұтқыны —
Ғашықтар мәңгі жазалы.
Жырлайды жанын күз ақын,
Жапырақ хатта ғазалы.
Айналған бұлтқа кеудесі,
Аспан да біздей азалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азалы аспан өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Азалы аспан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азалы аспан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азалы аспан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері