Иығыңа сүйеп едім басымды...
- 0
- 0
Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды...
Тулаптай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!
Бұл бетте «Қарындастың тілегі» атты toktarkanovadana жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды...
Тулаптай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!
Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй?
Үздіктірген бұл неткен еңілік күй?
Еркелеймін. Күлемін. Ынтығамын.
Сүйер болсаң, дәл мендей егіліп сүй!
Жүрегіңнен қандай жарық бөлінді,
Басыбайлы құл болардай сезімге?
Қай сөзіңмен өртеп кеттің өмірді?
Әйтпесе, айтшы, өртенетін кезім бе?
Бекзада мұң таңдап алған ашынам.
Кеш қарайса тағы шарап ішеміз.
Мұң шарабы мың жыл тұрып ашыған
Ішкен сайын қара терге түсеміз.
Сен де мені тергемеші
Шалқасынан туған айым.
Жер болғанда жерлемеші,
Мен де сені қинамайын...
Лаура Сулейменова
Дана өлеңдері керемет екен. Саған шығармашылық табыс тілеймін. Өнерің биікке өрлей берсін!!!
Акжурек
Олен оте керемет жазылган. Болашагынан зор умит куттиретин жастардын бири екенсин! Жолын аркашан ашык болсын. Шыгармашылыгынды токтатпай, шабытынды кернеп осындай олендерды шыгара бер. Окырмандарын коп болсын!!!
toktarkanovad
Рахмет сіздерге????????????
Schunusovkairat
Керемет əн жолдары. Енді бір жас талапкер əнін жазса жақсы болар еді.
Анар
Дана өлеңдерің өте әсерлі. Қарындастың таза, шын жүректен шыққан ағаға лебізі. Шығармашылығыңды, шабытыңды тасытып осындай өлеңдеріңді шыңдай бер.Өнерің биікке өрлей берсін!!!
Жанар
Қарындастың ағасына тілеген керемет тілектері ,шабытың шыңдай берсін,Дана!
toktarkanovad
Әмин.Рахмет барлықтарыңызға!!!