Ақ көбiк толқын

Бұл бетте «Ақ көбiк толқын» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1165
...Ақ көбiк толқын, қай жерде тудың,
Тереңiнде ме теңiздiң?..
Елжiреп жатқан жағаны жудың
Елесiн таппай көп iздiң.
Жалғызсыраған жағаны жоқтап,
Толқыным менiң, алыстың.
Үздiге шыққан қаралы топтан
Үнiңде жатыр таныс мұң.
Қорғасын түстi теңiзден шауып,
Шағалаларды шулатып,
Шарқ ұрып келдiң жанымды тауып...
...Қайтесiң оны жылатып.
Ақ көбiк толқын, жартасты соғып,
Жартасты соғып өксiдiң.
Қараша күздiң ажары солып,
Қайғырып соған дертсiдiң?..
Жоқтадың ба әлде жастық шағымды,
Жастық шағымды, қалқам-ай,
Булыққан жасты, бастыққан мұңды
Ояттың тағы байқамай.
...Ап қашып едiң теңiзден шығып
Ноқтаға сыймас басыңды.
Мейiрiмi жоқ жартасты ұрып
Тас-талқан болып шашылдың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ көбiк толқын өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ көбiк толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ көбiк толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ көбiк толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері