Жантая құлар болсаң қыз демінен – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жантая құлар болсаң қыз демінен» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2696
Жантая құлар болсаң қыз демінен,
Жаяды жасыл көктем түзге кілем...
Бейкүнә ғұмырнәмәм тұрады ылғи
Бітпейтін жұмыстардың тізбегінен.
Жастық деп,
Жігіттік деп жалындасаң,
Тер төктім қиындықтың жолында сан.
Білгенім жұмыс қана,
Еңбек қана,
Көрген жоқ ғұмыр бойы қолым босап.
Демалыс күткен емен келер күннен.
Білмейді тынығуды өнер мінген.
Қалғандай шахта астында
Түбінде осы
Жұмыстың астында қап өлермін мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері