Айнакөл ажары – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Айнакөл ажары» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Толқытып толқындарың торғын жайған,
Айнакөл, ажарыңа болдым қайран.
Суреті жүрген көптен жүрегімде,
Япырмау, бұл бейнеңді көрдім қайдан?!
Ағызып ақбоз қиял алағыздым,
Келеді қызыл тілден бал ағызғым.
Бәтір-ау, мені көптен іңкәр қылған,
Өзіңе ұқсаймысың дара қыздың?
Ұмытып бауды – кілем, тауды кілең,
Ынтығым бір өзіңе ауды білем.
Тұп-тұнық, дөп-дөңгелек, көргем сені,
Сол қыздың жанарынан жәудіреген.
Сол қызға ұқсатамын өрлігіңді,
Тек саған сыйлар едім мен гүлімді;
Ылайым «Айнакөлдер» тілеп жүрем,
Ылайлап алмайын деп мөлдірімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері