Айдыны асау, айбынды қандай көл еді – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Айдыны асау, айбынды қандай көл еді» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Айдыны асау, айбынды қандай көл еді,
Ақынның талай арналған әйбат өлеңі;
Айнашым менің, Арқаның кенже бөбегі,
Ажырап қалған аспанның әлде бөлегі?!
Төңірек кейпін төріңнен керіп тегістей,
Тебіренгенмін телміріп, Айнам, мен іштей;
Теңдесің жоқ-ау, тегінде сенің кеніштей,
Теңселген арнаң тербелген әлде егіс пе, ей?!
Көз алмай тұрмын келісті мынау қалпыңнан,
Қырманың сенің – сусылдап аққан алтын дән;
Жұмбақтас – «ДТ-ың», шағалаң – шабыт шарқ ұрған,
Оқжетпес болса, ол – Диқан сенің нар тұлғаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері