Сен барда
Бұл бетте «Сен барда» атты Еркебұлан Серімханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен барда, көңілдің бір құлпы,
Ашылар кілтіңмен бұрымды.
Сен барда, жанымда періште,
Үймелеп жап-жақсы жыр тұнды.
Сен барда, білемін жайдарымын,
Сол үшін сүйемін айдарлым.
Сен барда, төрткүл бір дүниені,
Өзіңмен аралап қайтармын.
Сен барда, көктемім, күз, қысым.
Жаздай боп өтеді байқадым.
Сен барда, жоқ болып кетеді,
Сайтандар қолдаған сайқал мұң.
Өзіңді жеп қойғым келеді,
Қалайша тәттіме айналдың?
Түсінбей қалғаным соншалық,
Өзімде тәттіге айналдым.
Қолыңнан ұстап ап арманға,
Құс жолын көріп-ақ жайнармын.
Елігім, сен болсаң жанымда,
Бақыттың сеземін қайнарын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі