Шындықты іздеп

Бұл бетте «Шындықты іздеп» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1520
Қара аспан түйе берсін қабағын,
Шындық іздеп жолға шықтым қарағым.
Жазылатын емес орман өссе де,
Орнына мына ескі жараның.
Аспан жаққа жәудірейді жанарым,
Шындық іздеп жолға шықтым, қарағым.
Іздесем де кездеспеді ол маған,
Көше кезіп, үлбіреді табаным.
Көшесінде тентіреумен қаланың,
Шындықты іздеп талай жүрдім, қарағым.
Альпинистер өрлеуші еді биікке,
Мен неліктен төмен түсіп барамын?
Шыңға қарай қалай құлаш жаямын,
Тасты бассам дірілдейді аяғым.
Құзда өскен қыран құстың баласы ең,
Сол шындықты тауып берші, қарағым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шындықты іздеп өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Шындықты іздеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шындықты іздеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шындықты іздеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері