Өлең, жыр, ақындар

Майысып алтыбақан тепкен апам

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2595
Майысып алтыбақан тепкен апам,
Дауысы алты қырға жеткен апам.
Толысып қызыл күрең тобылғыдай,
Жат жұртқа жаратылып кеткен апам.
Біздің үй қонған кезде жел бетіне
Келісіп кәмшат бөркің келбетіңе,
Толықсып шығушы едің, әттең, сенің
Жете алмай жүрген кезің он жетіге.
Камзолың қара барқын пүліш еді,
Сом теңге сөлкебайың күміс еді,
Сен әлі бейхабар ең бөгде сөзден,
Біздің үй бөгде сөзден тыныш еді.
Көгілдір балапандай көркің, кейпің,
Қолаң шаш қыр арқаңа төркіндейтін.
Төгілтіп қос етегін қоя берген
Желбіршек жібек көйлек желпілдейтін.
Жүзіндей ұстараның сезіміңнен,
Сескендік бозбаладан көзі күлген.
Мінезің майдай еріп, қайран елік,
Үрке алмай жүрдің бірақ өз үйіңнен.
Сақылдап қайнағанда қара шәйнек,
Шай құйдың әрі әсерлеп, әрі әсемдеп.
Жарықтық, жайсаң әкем отыратын
Сен барда артық айтпай баға сөйлеп.
Он жеті таяқ тастам арман екен,
Желдетіп жақын келіп қалған екен.
Сол жылы саған біреу сөз салғанда
Жер шұқып төмен қарап қалған әкем.
Жер шұқып төмен қарап қалған әкем,
Ұста еді бір құрдасы, зорлап әкеп
Бір апта соқтырып ап жиһаз-жасау,
Ту қойын тартты алдына таңдап әкеп.
Жіптіктей жүрісіңе алаңдамай,
Болмады бар-жоғыңды бағамдамай.
Дәм-тұзың көтеріліп бір-ақ күнде,
Сен кеттің алды-артыңа қарайламай.
Майысып алтыбақан тепкен апам,
Дауысы алты қырға жеткен апам.
Толысып қызыл күрең тобылғыдай,
Жат жұртқа жаратылып кеткен апам.
Қайда екен алты-ай бақан...айхай бақан,
Армансыз тебе алдың ба, қайран апам?
Тербетіп алтыбақан,
Тел өскен жарқын апам,
Көрем де сіздің үйден жиен қызды,
Кей-кейде әкем жайлы ойға батам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көдесі семіп, көлдері солып күзде бір

  • 0
  • 0

Көдесі семіп, көлдері солып күзде бір,
Тұнжырап тұрар шақ болады ғой түзде өмір.
Қоныстан безіп, өрісті өзгертіп, жай іздеп,
Құс болып кетсек, қайтер еді егер біз де бір?!

Толық

Мұхтар мен Күләш

  • 0
  • 0

– «Сандуғашыңды» сайратшы, Күләш,
Сал болып кеттік, – дейді екен Мұхаң.
– Отымызды бір ойнатшы, Күләш,
Шал болып кеттік, – дейді екен Мұхаң.

Толық

Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным

  • 0
  • 0

Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным,
Бойжеткендей кінәмшіл қымсынғаның.
Қысылғаның ұнайды, қымсынғаның,
Қымсынуда білемін тылсым барын.

Толық

Қарап көріңіз