Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі

Бұл бетте «Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 955
(Ғ. Қайырбековке)
Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі,
Екі ши өсті ме екен түбірлері?..
Желпініп бір өте ме қырат-қырды
Жәннат леп, жұп-жұмсақ жел іңірдегі?..
Жалғыз бұлт көкжиекте қосақталмай,
Жалғыздық жан жүйесін босатқандай.
Жібісе желпи соққан қияңқы жел,
Шайқай ма шалғындағы шашақтардай?..
Елгезек есіле ме ерке бұлақ,
Еңістен көсіле ме ерте құлап?..
Ертерек тілі шыққан бұлақтардың
Бал мезгіл балалығы келте бірақ.
Шайқалып шарбы бұлттар сейіле ме,
Шайпау жел ауады екен ойы неге?..
Екі-үш үй төбесіне бұлт айналып,
Иіп бір берер аспан пейілі – ене.
Екі-үш үй қарақұрым туырлығы,
Тұр ма екен тарқатылмай уық жібі?..
Жүр ме екен бәйек болып бәйбіше – әже
Пісіріп соңғы сауған иіндіні?..
...Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі,
Екі ши өсті ме екен түбірлері?..
Көшкенде өскен шығар, қараша қос
Қайда екен бірді-екілі жүгірмегі?..
Жайқалып алуан тамыр гүл ашқанда,
Шайқалып бала бұлақ қыр асқанда,
Найқалып өскен шидің ортасынан
Шаншыла ұшса бір құс ніл аспанға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері