Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде

Бұл бетте «Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 923
(Серікке)
Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде
Шашадан шыққа малынып, қоңыр қырларды кездің бе?
Тозбаған жердің топырағы жатыр ма екен бозарып,
Туған жеріңді осы сәт сағынғаныңды сездің бе?!
«Айнакөл» жақтан алқынып, жел соққан кезде бір бұла
«Жалғыз жиденің» бұтағын сілкілеп барып тынды ма?
Шиырлап әкең кеткен соң алақандай бір сор құмды,
Құйындап көп жыл өткен соң табаның басып тұрды ма?
Арасында сен тұрдың ба күп-күрең тобылғылардың,
Баяғы таныс бозторғай берді ме шырқап сұңғыла.
Табаның басып тұрды ма қапшықпен апаң қи терген,
Кебісі тозған үйкелген, үр жаңа жап-жас қырды да?
Жанарың ғашық тұрды ма қадалып күздің кешіне,
Көзіңнен бұл-бұл ұшқандай балалық түсіп есіңе.
Қанаты қатқан қос үйрек қол созым көлге қош айтып,
Қатарласа ұшты есіле, қарадың неге тесіле?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері