Аралтөбе

Бұл бетте «Аралтөбе» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1063
Алакөлде
Аралтөбе
Неге жалғыз, неге оқшау?
Жалғыз қалар
Адам-пенде,
Төбе бірақ оған тең бе?
Әттең, сыры көмексі-ау...
Неге айрылған жотадан?
Жау бөлді ме,
Жел бөлді ме,
Бөлді ме әлде басқа зіл?..
Алакөлде
Аралтөбе –
Мәңгі жаңа, мәңгі көне
Тірі ескерткіш – тас дәуір.
Қайырлаған кеме емес пе,
Майып болған дене емес пе
Мұз құрсаған заманда?
Кеме болса тұрқы мықты,
Дене болса рухы мықты
Айналғаны аралға.
Алакөлде
Аралтөбе
Жалғыз деме, бар жүзіп.
Айдындағы Жер елшісі
Ол мәңгінің көне елшісі,
Мәңгілікпен арамызға
Түсірмейік мәңгі жік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аралтөбе өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Аралтөбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аралтөбе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аралтөбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері