Ұнатып ем – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұнатып ем» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.

Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.

Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: "Саған оңай көнем бе мен!" –
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін "Сені жақсы көрем!" деген…


Пікірлер (2)

Тулеутаева арайлым

Оте жаксы манерлеп окудан жарыс еды бырыншы орын алам буйртса

Ақниет Сүлеимен

Өте іскерлік өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері