Өлең, жыр, ақындар

Мұхаммед айтқан

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 347
(1815)

Өлгендерге дұшпан жылап-сықтасын,
Енді олардың білем көрден шықпасын.
Мұсылмандар барады тек жаннатқа,
Біз жатпаймыз еңіреп сосын зарлап та.
Жеті жұлдыз оларға нұр шашады,
Алдарынан алтын қанша ашады.
Олар жауша жатпай шіріп зиратта,
Ару жаны сая табар гүл бақта.
Жаны жадырап қарайды олар жерге кең.
Баяғыда оны мен де көрген ем:
Жеті қабат көктен асып, жұмаққа
Барған кезде, мініп отты Пыраққа.
Бойлап онда данышпандар ағашы,
Нарттай жанып тұрар миуа дәм, асы.
Көк майсада өскен өмір терегі
Сансыз гүлге сая-пана береді.
Күншығыстың есіп жұпар самалы,
Үр қыздары қосылып ән салады.
Таң қаласың, қапта тағы жас болып,
Күйіп-жанып өртенесің мас болып.
Қыздар сені салар сынға тұс-тұстан —
Дана ма екен, ер ме екен деп күш қысқан.
Батыр болсаң жаннат үшін жаралған,
Байқайды олар қылыш тиген жараңнан.
Әр жараны қалт жібермей санайды,
Жарадарды жақсы жанға балайды.
Дәреже мен тектің қалмас дерегі,—
Дін жолында түскен жара — керегі.
Жалт-жұлт еткен іші сапсыз бағана
Апарады сені сая дараға.
Қайнап жатқан қанып жүзім шарбатқа,
Тал бойыңа тарар жылу, қайрат та.
Жастық шағы жалын атып әркімнің,
Қайта оралар пәк, тақуа жарқын күн.
Бір жігіттің жанын жаулап алған қыз
Би де, дос та болар көпке сол жалғыз.
Тек бір қызды сүйесің ол көнгенде,
Тән ләззаты тәркі бірақ ол жерде.
Кеңес бастап келелі жәйт, мәңгіден,
Тату-тәтті үзілмейді әңгімең.
Үр қыздары тойға кезек шақырар,
Сән-сағадат сұхбатпен таң атырар.
Оллаһи шын; жұмақ іші — мереке —
Әйел де көп — үйде толы береке.
Өткенді өксіп онда қайғы шекпейсің,
Ол арадан енді және кетпейсің.
Онда жардан безбейсің, бір жаратсаң,
Mac болмайсың онда сиқыр шараптан.
Қан майданда қаймықпаған батырды
Алда күткен құрмет сондай ақырғы.
Бір Алланың ер, тақуа құлдары
Той тойлайтын сол ғой пейіш гүл бағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақытты жұбайлар

  • 0
  • 0

Мамырдың нөсер — маржаны.—
Аңсаған ек-ау таңдарда —
Қарашы. қара, жан-жарым,
Төгіліп жатыр тауларға.

Толық

Кристель

  • 0
  • 0

Кeй уақыт көңіл торықса,
Қаңимын жалғыз жабығып.
Кристель сонда жолықса,
Кетемін демде жазылып.

Толық

Ильменау

  • 0
  • 0

Армысыңдар, бауыры құт көк белдер!
Балалық шақ, бал дәуренім өткен жер!
Баяғыдай жап-жасыл боп жайқала,
Құшағыңды ашшы маған айқара!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер