Ақын – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Ақын» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 755
(1815)

Аш маған пейіш есігін,
Мұқатпа, мен мейманмын!
Адам — менің есімім,
Ерімін, тірлік — майданның.
Жарам көп қой кеудемде,
Нұрлы көзбен қарашы,—
Алдамшы ләззәт — шерменде,
Жалған өмір жарасы.
Жырладым мен фәнидің
Ізгілігін мәңгілік.
Наз жүректің налуын,—
Аң сеніммен жаңғырып.
Қанымды қиып қанша көп,
Алғы сапта толғандым.
Жүрегі маған жансын деп,
Махаббатшыл жандардың.
Маған шақ орын пейіштен!
Қолыңды бер, аңсадым.
Тірлікті мәңгі, періштем,
Санасын енді саусағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері