Өлең, жыр, ақындар

Хафизге

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 482
Ләззатқа құл,— деп — тахт, тозаң,
Тәтті,— деп,— соры құлдықтың,
Таппаған халық таптың заң,
Түсіндің сырын тірліктің.
Қинайды бұғау, қысады:
Алмасып шипа, азабы,
Қара жер біреу құшады,
Арсыз бен біреу азады.
Зифамды көріп қалғанда
Алдымнан шыққан асығып,
Тіл қатсам қопал, аңғал да,
Дей көрме, Ұстаз, асылың.
Көгалды басса кебісі,
Шықпайды-ау сірә бір сыбыс.
Көз бен сөз қандай! Келісі
Керілген кербез Күншығыс.
Көрдің бе? Толқын бұрымы
Толқынды бұрқап бетінде,
Мойны мен жағын тұлымы
Желпіді желдің өтінде.
Тандырар естен біртіндеп
Оймақтай ауыз, ақ маңдай,
Оқисың дұға күбірлеп
Жыр бұрқап жанда жатқандай.
Ерінің көзің шалғанда
Қайран боп, жаннан күсесің:
Азат боп кенет жалғанда,
Бұғауға қайта түсесің.
Деміңді кері жұта алмай,
Ділге діл құлаш сермейді,
Бақыт бір нәзік жұпардай
Кеудеңді кеулеп кернейді.
От болып денең, жанасың!
Шарап құй! Бол тез, жүгірмек!
Қалдырмай тамшы қағасың!
Жаңасын әкел, кідірме!
Тосады шәкірт ақырын:
Mac кезде мінсіз кемелсің.
Түсінді ол Ұстаз ақылын,
Тұңғиық неткен тереңсің!
Әлемнің сырын ол ұқты,
Самғап жүр көкте енді ол.
Мұрт тепсіп, жаны молықты,
Жігіт боп шыға келді ол.
Сен болсаң — міне осындай,
Қаусырдың жан мен жаһанды,
Сезімпаз, дана досындай,
Бересің ымдап батаңды.
Тайсалмай уәзір, шаһқа кеп,
Такаббар ұстап өзіңді,
Қазынаны елден тықпа,— деп,
Айтасың ақыл сөзіңді.
Ой, жырдың жүрсің көгінде,
Ас пен топ сенсіз тола ма!
Кермек те тәтті өмірде
Бастай бер бізді молаға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Цыган әні

  • 0
  • 0

Ағынды тұман, басқын қар,
Түнерген орман, түн ортасы болған кез,
Үуһілейді үкі жылал жырақта,
Ұлиды шулап қасқырлар.

Толық

Пәтуа

  • 0
  • 0

Хафиздің шайырлық тұлғасы —
Саф кемел шындықтың шың басы,
Дегенмен, бағзыда жарықтық
Кетеді-ау жоқ жерде ауытқып,

Толық

PROCEMION

  • 0
  • 0

Алдын ала тағдыр жазған,
Кім өзін жүкті еткен жанға,
Мәңгілікке сүйікті ғұмырын арнаған.
Махаббат сезімін, сенімін,

Толық

Қарап көріңіз