Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1334
Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім,
Іздеп сені қалада қаңғырдым бүгін.
Өлең жазам деп едім сезімді-ойлы,
Сүйкеп жаттым дәптерге жаңбырдың жырын.
Сағыныш менің жатқанда санамды сабап,
Аспанды да бұлт басып қабарды қабақ.
Батып кетті күн дағы елемей мені
Жан-жағымды тұмшалап қараңғы қамап.
Елеңдеп тұрды дегенмен ақымақ құлақ,
Миымда бір найзағай шатынап құлап.
Жүрегімнен үзілген мөлдір тамшыдай,
Айналамды орады жапырақ жылап.
Кезе алмадым дәл бүгін күлімдеп қырды,
Қазанның желі бетімнің суын кептірді.
Өзіңмен бірге кеткен соң амалым қайсы,
Жүрексіз кеудем азынап, уілдеп тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері