Кеткен шылбыр үзіп менен – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Кеткен шылбыр үзіп менен» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 894
Кеткен шылбыр үзіп менен,
Үзіп күдер, үзіп көген.
Алла-тағала сыйлайтұғын,
Сен шығарсың «Қызық» деген.
Тұңғиыққа батып терең,
Алыссам да уақытпенен,
Кездеспеген, табылмаған
Сен шығарсың «бақыт» деген.
Жүрегімде дүрлікті өлең,
Сондықтан да сыр бүкпегем...
Бұл өмірде адамға тән,
Сен екенсің «Тірлік» деген.
Мөрлеп қойған мұратты өлең,
Өткен күнді сынап дер ем.
Жер бетінде болса егер,
Сен екенсің «Жұмақ» деген.
Тағдырыма сай өрмеген,
Талай-талай ой емген ем.
Барлық ақын аңсап өткен,
Сен екенсің «Әйел» деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері