Аян берген өзің бе едің – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Аян берген өзің бе едің» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1072
Аян берген өзің бе едің,
Көрдім сені түсімде.
Жүзіңде әжім, көзіңде мұң,
Сұп-сұр сұлық пішінде.
Маған қаяу қабағыңмен
Салыңқылау қарайсың.
Айтпағымды жанарыңмен
Айтқызбай-ақ орайсың.
Үнсіз-түнсіз түсінісіп,
Үнсыз-түнсіз ұғысып.
Үнсіз сүйіп, үнсіз құшып,
Үнсіз-түнсіз суысып.
Судырлаған жібекке ұқсап,
Сыбдырлаған желге ұқсап,
Қолға ұстатпай жоқ боп кеттің
Жаһұттайын жалғыз сәт.
Жалғыз-ақ сәт!
О, тобасы,
Оның өзі түс қандай?!
Осынау дүние шекарасы
Көзден бұл-бұл ұшқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аян берген өзің бе едің өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Аян берген өзің бе едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аян берген өзің бе едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аян берген өзің бе едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері