Жара

Бұл бетте «Жара» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 962
Көршімізде тұрды бір тарлан солдат,
Иығына сұм соғыс салған салмақ.
Дәм бұйырып әйтеуір туған жерге
Тірі оралған жарты әлем, жалған шарлап.
Омырауында көп емес орден-медаль,
Иығында жұлдыз жоқ менмұндалар.
Қатардағы, кәдімгі қарапайым
Мұндай атақ, әрине, әркімде бар.
Әркімде бар жарақат бар мұнда да,
Әлі күнге сыздайды әрбір жара.
Соғыс салған жараның жалғыз емі
Тазалығы солдаттық Ардың ғана.
Бұл да солай, жазылған сол емменен,
(Табиғат қой жасаған шебер деген).
Басқа ажалдан өледі, енді ойы жоқ
Соғыс салған жарадан өлем деген...
Соғыс салған жарадан енді өлмейді,
Ауруға ем бар. Аяныш емделмейді.
Соғыс салған жараның сыздауына
Ешбір ауру, аяныш тең келмейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жара өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері