Өлең, жыр, ақындар

Түс

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1054
Көк аршасын Тосынның
Көрем кейде түсімде.
Көкорай құм – жасыл құм,
Жүрем соның ішінде.
Сонау жылғы сар бала,
Құм ішінде қой бағам.
Елегзимін сәл ғана,
Есесіне ойланам...
Танауымды жарады
Көк аршаның иісі.
Әтірдейін бұрқырап
Тұрады бір құм іші.
Аспанда бұлт көк шұбар,
Айналамда – көк шынар.
Көзім алды – көк мұнар,
Көйлегім де көк шығар.
Дүние маған көк арша
Көк қабығын аршыған.
Көзімді ашып қалғанша,
Қасқыр шапты қойыма,
Басқа түк жоқ қамшыдан,
Сол түседі ойыма.
«Қап, қап енді не істеймін?»
Деп ернімді тістеймін.
Көк аршаның бір түбін
Сойыл ету іштей мұң,
Іштей мұңнан қиналам,
Қасқырдан да қорқамын.
Бар күшімді жинаған
Бір-ақ рет сарқамын.
Не жеңілем, не жеңем,
Тәуекел, күш тежемен.
Сындырмаймын аршаны
Кейін тартып кежегем.
Жо-жоқ, дүние көкпеңбек,
Көк аршамды сындырман.
Оянам ақ тер, көк тер боп
Түс дейтұғын құрғырдан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қосылған қос айдын

  • 0
  • 0

Айнакөл мен Қаракөл – медиен белдің қос меңі,
Суыңа көптен шомылмай суыса ізім, кеш мені.
Жыртқанда көлдің жиегін
отарын әкем құмға айдап,

Толық

Мінез

  • 0
  • 0

Адамның сорлы міні – мінезсіздік,
Сананың солғындығы – мінезсіздік.
Ерлік те, еркелік те – бәрі мінез,
Болмаса тым есерлік, тым ессіздік.

Толық

Екі абысын

  • 0
  • 0

Екі абысын алпыстан кеткен асып
Бұйдаласып, бірге өскен ноқталасып.
Бір әулеттің тілегін бірге тілеп,
Бақа тірес болмаған, бақталасып.

Толық

Қарап көріңіз