Оралып алыс күндер – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Оралып алыс күндер» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Оралып алыс күндер неге ғана,
Тынысын тыңдатпайды көне дала?
Жайнаған жұлдыздардың жанарынан
Алланың нұры жауып өліарада.
Күшіне құдіреттің таңғаласың,
Кенеттен жадыратса кең даласын.
Жамандық төніп түнгі бесігіне,
Жыландай арбамаса жан баласын.
Өртеніп өң пен түстің ортасында,
Жасайсың тіршіліктің арқасында.
Мысқалдап үміт шөлін қандырасың,
Батпандап жан азабын тартасың да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері