Мені іздеп келеді, деп күттім көп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мені іздеп келеді, деп күттім көп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 886
Мені іздеп келеді, деп күттім көп,
Күз де келді... кірпігімнен шық гүлдеп.
Көптен бері көргім келмей ешкімді,
Қалып қалдым, тіршілікке тұтқын боп,
Ән салмайды, әрбір үнді құс тыңдап,
Күн батты ма, бойындағы күшті ұрлап.
Жапырақтар, сынығындай түнгі айдың
Жерге қарай ұшып жатыр ұшқындап.
Жұтып бүршік үмітімді тал, қайың,
Алдап кетті... жұбата алмай таңғы айым.
Көкжиек көз қараңғыға шым батып,
Қара тасқа соғылғандай маңдайым.
Жалғызсырап, айлар бойы ауырдым,
Еш дерексіз өтті бастан ауыр күн.
Сені ойламай, тыным таптым, кім білсін,
Тыныштық па?
Алдындағы дауылдың?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері