Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1041
Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін,
Қасарсаң да, қабарсаң да көнермін.
Тұтылармын, ұтылармын мен сенен,
Шым-шымына кім батпайды тереңнің?
Тағдыр, мені шылауыңа орадың,
Ылауыңа жегіп едің жарадым.
Тұрқыңды мен сүйрей алмай барамын,
Ырқыңды мен билей алмай барамын.
Тағдыр, саған кейде күйіп келемін,
Өзімді-өзім илеп, иіп келемін.
Шындық дейтін шылбырыңның бары рас,
Шылбырыңа сүйретіліп өлемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері