Мойындау мен мойындату – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Мойындау мен мойындату» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1660
Сүймейсің мені,
Айтпаймын саған бұл сырды...
Айтатын болсам егерде,
Асқар шың болсам шөгем де,
Кетемін сенен төмендеп.
Махаббатыңда жазылып қойған заң жоқ қой
Сүйетін пендең секірсін деген төбеңде.
* * *
– Сүйдің бе мені,
Солай ма екен, сендің бе?
Айтайын енді... Қайтайын енді райдан,
Төбеңе шығып, секірсем-дағы көндің бе?
Ұят-ау бірақ
Махаббат деген «құдайдан».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері