Өмір неткен "ей өмір" демеймін енді
Бұл бетте «Өмір неткен "ей өмір" демеймін енді» атты Омар Закиров жазған өмір туралы өлең берілген.
Бір сезім бар сәті туып жатқан да
Еске түсіп қайта қайта есіме
Бала сезім балалықты баққанда
Тыншылғанда өз өзіммен өзіме
Ананы бір мынаны бір түсіріп
Көзіме жас келіп,күліп,күрсініп
Бірде қатты сыймаған соң ішіме
Айғайлаймын,бірде қалам тыншылып
Қайғымда бар,өкініште бақытта
Тарылғанда болды кездер шалқыпта
16 жыл сүрген жылым,болғаны
Көргендеймін төгіліпте тасыпта
Булыққанда ашуға қайнағанда
Өз өзімнің шырқымды кетіріппін
Жалған өмір жарқырап жайнағанда
Беріліппін дәміне өтіріктің
Өмір неткен "ей өмір" демеймін енді
Жалған өмір жарығыңа сенбеймін енді
Енді сен деп уайымдаған,уайымымды,
Өтіп кетер бір желге теңеймін енді
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі