Тіріліктің дәмі мен тұзын ойлап –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Тіріліктің дәмі мен тұзын ойлап» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тіріліктің дәмі мен тұзын ойлап,
Жүректе қасіреттің ізі бойлап.
Жұмысын бастап кетті еңбекші өмір,
Басында бомбалардың ызыңы ойнап.
Бейбітшілік көктемнің Күні жарық,
Құстар келіп,
Бүршігін гүлі жарып.
Шүкір деп ақ жаулықты Анам тұрды,
Қуаныштан көз жасын сығып алып.
Болғанмен ауыр қайғы басқан небір,
Қалықтап қона алмай жүр аспан көңіл.
Бейбітшілік әр үйден сөз алғасын,
Шілдехана тойынан басталды Өмір!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі