Қаншама арман болса елде
Бұл бетте «Қаншама арман болса елде» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаншама арман болса елде,
Соншама маған өптіргін.
Қай күні қашан келсең де,
Күтіп жүр мені деп білгін.
Түсінбес жайым әлі бұл,
Жүректің жықпыл орманы.
Сұлусың маған бәрібір
Сүйегің келсе болғаны.
Жаныма кенет жеткен бақ,
Жалғыз-ақ сені көргенде.
Жанарың бір жалт еткенде-ақ,
Жалғызсың дегем сен менде.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі