Шығармай жүрдім бір де естен
Бұл бетте «Шығармай жүрдім бір де естен» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шығармай жүрдім бір де естен,
Ұмытып ұйқы-күлкіні,
Бір рет қана тілдескен
Бейнеңді сенің күн-түні.
Қай жұмыс мейлі істесем,
Қуат боп жүрдің көңілге.
Көзіме менің түспесең,
Не көрдім дер ем өмірде?!
Тәңірім талай түске енген,
Тентек те қылдың ақылды.
Ақындық жолға түскенде ем,
Жыр қылып сұлу атыңды.
Сұлулық – талант, жанымның
Қонған-ды саған дарыны,
Өспірім менің шағымның
Өшпеген жалғыз жалыны.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі