Сонау жасық, сонау отты кезімнен
Бұл бетте «Сонау жасық, сонау отты кезімнен» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сонау жасық, сонау отты кезімнен
Күнім бар ма сені ойламай көз ілген?
Соным үшін шошындым мен басқадан,
Соным үшін шошындым мен өзімнен.
Бұл өмірде үлгірмеген, үлгірген
Қызықтардан осыны ұғып үлгіргем.
Барлық әйел бір — ақ әйел болса егер,
Онда несін ақын болып жүрмін мен?!
Жолын таппай жаралап бір сыңар қыз,
Оны да біз алдарқатқан шығармыз.
Біз сүймесек, сүйісеміз неліктен,
Біз неліктен ғашық емес, құмармыз?!
Сүймей тұрып сүйеміз деп былжырап,
Қасақана өп-өтірік тұнжырап.
Қанша адамды алдаймыз бір өмірде,
Қанша сәби сондықтан да жүр жылап.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі