Өлең, жыр, ақындар

Төлеген Айбергеновке оралу

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1220
Белдерден асып қайырылмай кеткен қара жол,
Шолпандай таңғы дара еді ол.
Далалық біздің шалдардай сергек дана еді ол,
Кей сәтте сәби бала еді ол.
Жалықпайтұғын жағаға қарай толқындай тулап қайтудан,
Теңіздей шулап айтудан.
Қасқая шапты-ау, алдынан сонда ай туған,
Алыбым едің заманаларға сай туған.
Сыбырлап қана іздейтін мына күз біздің,
Махаббатына өртеніп кеткен жүз қыздың.
Оның жырына жер менен көгің теңселген,
Қаранарым еді ол ел сенген.
Ұлы даланың қырына,
Шыңыраудай түпсіз сырына,
Жасындай аққан Жанарбектердің жырына.
...Жауыз боп кетсең бұл күнің ертең болар мұң,
Келгенде уақыт жауқазындайын солармын.
Оралмайтұғын көктемді іздеп жүріп мен,
Төлеген жырға қайтадан қалқам оралдым.
Жарқырай берші адастырмайтын жұлдызым,
Жанымен сүйген артыңнан ерген ұл-қызың.
Жаныммен сүйген сен туған жақтың бұл жылдар,
Жаза алмай жүрмін, жаза алмай жүрмін бір қызын.
Жүрек шіркінде қырық қатпарлы сыр жатыр,
Жазылмай қалған жыр жатыр.
Ал анау текті де туған сол қыздың,
жатырында,
алтын айдарлы ұл жатыр.
Сол бір ұл, бәлкім, туылмай белімде кеткен,
Бір шырын қалған кенезіп ерінде кепкен.
Несін айтайын сендерге, қалқаларым-ау,
Армандай сұлу қалған-ды жерімде көктем.
Қаталсың уақыт... жанардан жасты үзгіздің,
Адамдар емес, ұққандай сырды тоналған мұңлы күз біздің.
Маңдайға әжім сызғыздың,
Жүрекке қатқан ерімес, сірә, мұз біздің.
Төлеген жырға оралдым қайта ормандай,
Елім деп өткен сормаңдай,
Махаббатына өртеніп кеткен жүз қыздың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Даламызға шапағатын шашты кім

  • 0
  • 0

Даламызға шапағатын шашты кім,
Кімдер келіп жасамады қастығын.
Айтыңдаршы, ағайындар, күні ертең,
Сақталмаса, не боламыз Дәстүрім.

Толық

Қар жауды

  • 0
  • 0

Қар жауды
кеше қыламықтанып,
Қонақтап жатты дөңгелеп.
Ашылмай жүрген сыр анықталып,

Толық

Күреңбел

  • 0
  • 0

Есiмде
Күреңбел қырлары,
Беймаза жылдарым зырлады.
Ол кезде бозбала ақын едiм,

Толық

Қарап көріңіз