О дүниеге менен бұрын өткендер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «О дүниеге менен бұрын өткендер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1346
О дүниеге менен бұрын өткендер,
Көздiң жасын өксiп-өксiп төккендер.
Есте бар ма беткейлер мен өткелдер,
Сонау жылғы жайма-шуақ көктемдер.
Қарғыс қурап, көгередi алғыстар,
Жат сүйсiнер, кейiнгi ұрпақ салт ұстар.
Жердiң асты ұйқы болса мәңгiлiк,
Жердiң үстi айқастар мен тартыстар.
Халқым аман, жоқ қой мендей бай адам,
Жемесек те күнде жал мен жаядан.
Адам түгiл, сенер болсаң тiрлiкте,
Жер бетiне шыққан гүлдi аяғам.
Ойларымның жоқ қалтарыс, бүкпесi,
Талайлардың дүние қуып шықты есi.
Жердiң асты алуан түрлi жолдардың,
Қиылысатын, сыйысатын нүктесi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері