Өлең, жыр, ақындар

Қаралы таксистері

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 682
Тарихи бір тұлғалы Адам
Испанния үшін туған Адам,
Антони Гауди!
Жұлдыздайын жанған Адам,
Антони Гауди!
Құдіретті салған Адам.
Жұлдыздайын ағып өткен
Сол Адамды қағып өткен,
Екі Таксист жазалы еді,
Бар Барселон, азалы еді,
Антони Гауди!
Бір бұралып қарады ұдай,
Жан тапсырған жаралыдай,
Барселонда барлық таксист,
Әлі күнге қаралыдай,
Өткеннен соң алып арман,
Өтетұғын ағып алдан,
Барселонда барлық такси,
Қара бояу жағып алған.
Биік намыс адам ары,
Жоғалғасын қара нары,
Сол Антони Гауди үшін.
Такси біткен қаралы әлі!
Ұшыраған Тәңірдің қаһарына,
Себеп болған мәңгілік сапарына
Қаралы таксистерді көргің келсе,
Барыңыз Барселонның шаһарына!

30 маусым 2014 жыл
Барселон



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйел деген өмір ғой

  • 0
  • 0

Әйел деген өмір ғой,
Ал, өмірден артық дәулет бақ бар ма?!
Әйел деген өмір ғой,
Жазы атқан жайсаң жастық шақтарда.

Толық

Тақырып

  • 0
  • 0

Бәрі осында кәусар, алтын, асыл да,
Хан сарайы ғажап екен, расында.
Ұлы жапон ежелгі елі – Киота,
Тағдыр жазып тұрмын таудың басында.

Толық

Ұлылық

  • 0
  • 0

Сәлем-өнер, әлемдері бас қосқан!
Әр тараптан әр елдері бас қосқан!
Мадрид сен де ұлылардың ұлылары бас қосқан,
Корольдердің королдері бас қосқан!

Толық

Қарап көріңіз