1974 жыл, Алматы – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «1974 жыл, Алматы» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3865
1974 жыл, Алматы
Абай даңғылымен,
Жуынып сәуiрдiң жаңбырымен
Келе жаттық жыр оқып жiгiт пен қыз
Таза едiк қой күнәдан, күдiктен бiз
Тұманбайды сүйемiз екеумiз де,
Екеумiз де үкiлi үмiттермiз.
Әсем әнi, қылығы неге тұрады?!
Ару едi ол, жолында өлетiн-ақ.
Көп ұзамай тұрмысқа шығып кеттi,
Тұманбайды аяппын мен ақымақ.
Аяғам жоқ өзiмдi, жырды аядым
О, не деген қатал ед, гүл баяным.
Бiр бәйбiше жүр бүгiн Алматыда,
Сыры кетпес сынса да сырлы аяғым.
Бар мiнiмен, бар сәуле, бар мұңымен
Жастық бiзден алыста қалды бiлем.
Гүл шоғы, тал бүрiмен,
Таза ауа, таң нұрымен.
Сәуiрдiң жаңбырымен
Жуынып баяғыдай
Сендер қыдырыңдар ендi Абай даңғылымен
Мен демаламын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері