Бұл бетте «Беу, балалық алғаусыз» атты Есенғали Раушанов жазған бала туралы өлең берілген.
Беу, балалық алғаусыз,
Осы сөзде бір құдірет бар даусыз.
Раушан қыз жылап қалды, обал-ай,
Раушан гүлін ұстап алып аңдаусыз.
Гүл астында тікен барын білдірген,
Ертең қимай қоштасасың бұл күнмен.
Раушан гүлі мәнгі қалмақ жадыңда
Раушан қыз, бүлдірген.
Раушан қыз, айналайын ақ бала,
Екі көзің қап-қара.
Бұдан былай жан-жағыңа сақ қара
Раушан гүлін жұлма бекер, таптама.
P.S. Тағы да бір айтарым,
Раушанов жазған жырды жаттама,
керегі жоқ, айнам!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі