Сөйлесем сілкінер бір дәуір – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сөйлесем сілкінер бір дәуір» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1957
Сөйлесем сілкінер бір дәуір,
О, несі ішінен тынғаны?
Күтудің салмағы зілмауыр
Еңсемді көтертпей тұрғаны.
Әңгіме тыңдаймын құлықсыз,
Білмеймін дәл қазір нақ кіммін?
Іздеймін біреуді ырықсыз,
Егіліп жылауға шақ тұрмын.
Шақ тұрмын күл болып кетуге,
Бір дауыл тұрады-ау кешікпей!
Бір-ақ сәт гүл болып кету де,
Бір-ақ сәт өбісу өшікпей.
Үнсіздік – ең ауыр жаза бұл,
Азабын мен ғана айта алам.
О, жетер, бүгінгі мазағың
Жетеді... тіл қатшы қайтадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөйлесем сілкінер бір дәуір өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Сөйлесем сілкінер бір дәуір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөйлесем сілкінер бір дәуір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөйлесем сілкінер бір дәуір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері