Тыныштығын бұзып – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Тыныштығын бұзып» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1372
Тыныштығын бұзып келген түнектің
Танисың сен дыбысынан өкшемнің.
Өкінішті-ақ, лүпілінен жүректің
Жан дүниемді таниды ғой деп сендім.
Мен келгенде-ақ беріп қояр дерегін,
Әтірімінің иісінен танисың.
Жан дүниемнен жаңбыр аңқып келемін,
Сен сезбейсің сәби иісін, бал иісін.
Сен сонда да мен сүйетін төресің,
Өлмеу үшін қайдан алам төзімді?
Мөлт-мөлт етсем, көз жасымды көресің,
Қандай қиын көрмейтінің өзімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері