Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1418
Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып,
Пышағын біреу ұмыт қалдырғандай...
Ауамды әкеткендей жұлып алып,
Жайрадым, жанымды өртке алдырғандай.
Не өлмей, не босанбай пышағынан,
Көзіме жаным келіп көрінгенде,
Ажалдың қысылғанда құшағынан,
Мен көмек күттім, сенсең, өлімнен де...
Сыздықтап аққан қанмен өлең жазып,
Қалдырып кетем саған қалқан етіп.
Тіліммен өз көрімді келем қазып,
Мінезбен тағдырымды талқан етіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері