Мінез – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мінез» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1640
Көп болса, бір бұлт жылар маған ғашық,
Көп болса, өлең туар ширатылып.
Мен саған қол созбаймын амандасып,
Жер қылып жігерімді қират ... ... үгіп...
Көп болса, бір найзағай атылады,
Көп болса, өмір менсіз жалғасады.
Азайып жер бетінің ақымағы,
Бір ақын бір ақылмен алмасады.
Жасындай жарқ-жұрқ етер текті өлеңім,
Қолтаңба сұрап бұлттар ерген кезде,
Жәбір мен озбырлықты жек көремін
Мен саған қол созбаймын көрген кезде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері