Өлең, жыр, ақындар

Алматым!

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 840
Талпынам өзіңе ылғи болса лажым,
Қалады аулақта ұмыт өкпс-назым.
Толғаймын туған тілдің пернесін мен,
Кеудемде күмбірлейді көңіл сазым.
Қарық етіп күнде алдынан үміт шіркін,
Әр жерде қалған менің жиған мүлкім.
Талаптың сапарында жүрмін жортып,
Сағына соғып саған дүркін-дүркін.
Алайын шүйгініңе ат шалдырып,
Алдымнан тоспастай ғып жат жарлылық.
Келгенше қайта айналып кім бар, кім жоқ,
Кетейін сағынышты хат қалдырып.
Жүрекке табиғаттан сыр тыңдаған
Су екеш суың да ерке сылқылдаған.
Алатау аясының жаннатында
Кім туып, кім ержетіп, кім тұрмаған.
Алматым, айналайын, алтын бесік,
Сағынбан сені қалай өзіңде өсіп.
Иісіндей нәрестенің етеді ынтық
Бағыңның жұпар желі баурай есіп.
Алматым, мақтанышым, қолда барым,
Көрмесем көп күн сені – көңіл жарым.
Аққудың баласындай аралдағы,
Айықпай қойды өзіңе ынты-зарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Сарғайған сағынышқа шарасызбын,
Сыздайды іш, сылып тастар жарасызбын.
Сазымен домбыраның шертемін сыр,
Сабына шағым өтпес санасыздың.

Толық

Ақбота

  • 0
  • 0

Арқаның азат жазында
Қызара бөртіп қымызга,
Самалды таудың сазында
Ұшырасты ақын бір қызға.

Толық

Домбыра сыны

  • 0
  • 0

Сұраймын бір домбыра Сізден жаңа,
Уантар, тартқан кезде көңілім нала.
Үйренбес әсте өнер жоқ мен ашынсам,
Күйден де күдерімді үзбен, аға!

Толық