Таңғы ырзық – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Таңғы ырзық» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 944
Құшағынан қызғанып түннің,
Шымшиды мені жеңгесі жырдың.
Алдынан шығып айдарлы күннің,
Арайлы таңмен табысып жүрмін.
«Ырзыққа таңғы» артпаған үміт, –
Шошыған бұрын шығуға жолға.
Аталар мың жыл сақтаған үміт,
Жол жүрсең, қонар құс болып қолға!
Жетімдік зарын шектім мен жастай,
Ризық таңғы табылды жұрттан.
Толықсып енді өлеңге мастай,
Баршаңа жырды сыйлаймын сырттан.
Пейілімде менің – жеріңдей кендік,
Жетімге талшық меймандос елім.
Жүрегім, жаным түгелдей сендік,
Жүгіңнен жолда майыспас белім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері