Жанымның мозайкасы – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Жанымның мозайкасы» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Жанымның мозайкасы
Қызыл-жасыл гүлдерден өрілді ме,
Жарық алып барады, төрімді де.
Тәтті қылып, төгілген шерімді де
Жанымның мозайкасы.

Жүрегімде бал-шарап, өлең тұнып,
Алдарыңа, ағайын келем, күліп.
Құлпырған, қызғалдақты белең тұнып,
Жанымның мозайкасы.

Шығын шашып, шаттықтың, жүректерге
Нұрым шашып, өтейін, бұл өткелге.
Айналамды хош қылып, гүл еткенде
Жанымның мозайкасы.

Өксігенді жұбатып, емдеп берер,
Рахман-жырым тылсымнан сел боп келер.
Бесігін әлемнің тербеп берер,
Жанымның мозайкасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері